Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp жаңа маусымын ашты!

06.08.2020

ZhasCamp әлеуметтік бастамалар өтініштерін қабыылдаудың келесі маусымын жариялайды. Орыс және қазақ тілдерінде сөйлейтін жобалардың авторлары қатысуға шақырылады.

Осы жылы ZhasCamp тұрақты негізде идеялар мен жобаларды дамытуға, оларға мемлекеттік және бизнес секторына, сондай-ақ қоғам мүшелеріне тартуға бағытталған. Бұл үшін ұйымдастырушылар хакатон түрінде жаңа формат ұсынды.

Енді ZhasCamp үш кезеңнен тұрады:

- ZhasCamp Pitching,

- ZhasCamp Hackathon,

- ZhasCamp Accelerator.

«Қоғамдағы өзекті мәселелерді көріп қана қоймай, оларды шешудің жолын таба білу - бұл жастар шеберлігінің маңызды бөлігі. Біз бұны дамыту үшін күш біріктіруді ұсынамыз, - деп бөліседі Қазақстан жастар ақпараттық қызметінің атқарушы директоры Василина Атоянц. - Біздің ұйым ZhasCamp [бей] конференциясын 11 жылдан бері жүргізіп келеді, әлеуметтік маңызды бастамалардың алғашқы алаңы болып келеді. Бұнда әлеуметтік жоба идеясын ұсынуға болады, мамандардың қолдауына ие болып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік алады»,

Питчингке өтінімдер 6 тамыздан 24 тамызға дейін қабылданады. Үміткерлерге жас талаптары 16-25 жас аралығында.

Қатысушыларды қызықтыратын әлеуметтік мәселелер инфрақұрылымды дамытудан бастап, осал топтарды қолдау мен қорғауға дейін болуы мүмкін. Ең бастысы, ұсынылған бастама өзекті және нақты күтілетін нәтижені қамтамасыз етуі қажет.

«Бізді әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары бар жастар қызықтырады. Егер сіз біздің ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін не істеу керек екендігін білетін болсаңыз немесе жеке әлеуметтік жобаңызды бастасаңыз, біз сізге көмектесуге қуаныштымыз. Ең қызықты және әлеуметтік маңызы бар жобалардың авторлары біздің қазылар алқасының алдында онлайн режимінде өнер көрсетіп, пайдалы пікірлер алады», - дейді Василина Атоянц, Қазақстан жастар ақпараттық қызметінің атқарушы директоры.

Питчинг қорытындысы бойынша 20 финалист ZhasCamp Hackathon-ға қатысады. Мұнда оларды ұқсас жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар кәсіпкерлер, маркетологтар, PR мамандары, техникалық сарапшылар, құқық қорғаушылар және т.б. күтеді.

Тәлімгерлермен және сарапшылармен екі күндік белсенді жұмыс кезінде хакатонаттың қатысушылары өз жобаларын жүзеге асыру және дамыту жоспарын құра алады, сонымен қатар минималды жұмыс өнімін жасай алады.

Хакатоннан кейін жоғары прогресс көрсеткен жобалар ZhasCamp Accelerator қатысады. Ол онлайн режимінде өтеді және жобаларды іске қосу, жылжыту, масштабтау, сонымен қатар қаржыландыру мен серіктестер іздеуді қамтиды.

Акселератор бағдарламасының ең жақсы қатысушылары өздерінің бастамаларын жүзеге асыру үшін қаржылық қолдау алады.

Жобаны Сорос-Қазақстан қорының және Фридрих Эберт атындағы қордың қолдауымен Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі жүзеге асыруда.

Анықтама

ZhasCamp - бұл жастарға арналған жыл сайынғы [бей] конференция, онда әлеуметтік жоба идеясын ұсынуға болады, кәсіпқойлардың қолдауына ие болып, оны іске қоса алады, ол 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.

Мұнда қоғамның дамуы үшін маңызды тақырыптарды талқыланады: заңдар қалай жұмыс істейді, мемлекет қалай жұмыс істейді, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болады, үкіметке қалай қатысуға болады және кез-келген жас адам мұны қалай істей алады.

Жобаның миссиясы: Қазақстан жастарын әлеуметтік және азаматтық белсенділікке тарту, әлеуметтік дамудың озық тәжірибелерін тарату және желілер жасау.

ZhasCamp 10 жылдағы жұмыс нәтижелері:

10 жыл ішінде Қазақстанның 20-дан астам қалалары мен ауылдарынан 3 059 қатысушы

Олар 150-ден астам жастар ұйымдарын ұсынады

Қатысушылардың орташа жасы - 20-25 жас

Қатысушылар 200-ден астам семинарлар мен тренингтерге қатысты

Projects Market идеялар конкурсы 10 жыл бойы жұмыс істеп келді, ол 39 жаңа ұйым немесе жобаны өсіріп шығарды. 2019 жылы акселератор іске қосылды, бұл Қазақстандағы жастар үшін тағы 13 әлеуметтік жобаны іске қосуға көмектесті.

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан

Партнеры

Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название