Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp Hackathon 2020: нәтижелер

05.10.2020

Қыркүйектің 23-жұлдызынан бастап 27-жұлдызына дейінгі аралықта Қазақстанда ZhasCamp жастар [не]конференциясының кезекті маусымы өтті. Бұл жылғы жаңалықтардың ішінде – хакатон және іс-шаралардың онлайн-форматы бар. 

ZhasCamp қатысушылары еліміздің әртүрлі қалаларынан 150-ден астам әлеуме.ттік бастама ұсынды. Сараптамалық қазылар алқасы 42 жоба авторының питчтарын тыңдап, олардың ішінде 24-і хакатонға қатысуға шақырылды. ZhasCamp Hackathon-ның небәрі 4 күні ішінде 9 қазақстандық және 8 шетелдік спикер сөз сөйлеп, олар қатысушыларға өз идеясын қалай күшейтуге, пікірлестерді қалай табуға, қоғам мен серіктестердің назарын қалай аударуға болатындығы жайында шабыттандыратын кейстері мен кеңестерін айтып берді.

Жастар әлеуметтік мәселелердің түрлі бағыттары мен шешімдерін ұсынды:

- экология (қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу, пластиктің пайдаланылуын барынша азайту, биологиялық қарашірікті өндіру, энергияның баламалы түрлерін жасап шығару);

- жастардың жұмысқа орналастырылуы, пайдалы дағдылар мен білімді меңгеру (құқықтық және қаржылық сауаттылық, көпшілік алдында сөз сөйлеу);

- дәрігерлерге, балалар үйінде тәрбиеленген балалар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген әйелдерге көмек;

- инклюзия (ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оңалту, сөйлеу жағынан кемістігі бар балаларға көмек);

- қарт адамдарға қолдау таныту;

- гендерлік теңдік;

- аумақтарды абаттандыру;

- ішкі туризм (тарихи-географиялық ескерткіштерді сақтау);

- үйсіз жануарларға көмек.

ZhasCamp-тың бағдарламалық директоры Василина Атоянц: «Қазіргі маусымда балалардың пандемия туындатып отырған жағдайларға бейімделіп жатқандығы көрініп тұр. Сондықтан көптеген жобалар басынан бастап-ақ қашықтықтан жұмыс форматына бағытталған болатын».

ZhasCamp Hackathon қатысушыларымен әртүрлі салада жүрген 10 ментор жұмыс істеді:

- Гульзира Амантурлина, Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлері қауымдастығының президенті және «Эльдани» қоғамдық қорының директоры;

- Анель Молдахметова, Archcode Almaty негізін қалаушылардың бірі, Urban Talks негізін қалаушы;

- Джамиля Маречева, тәуелсіз журналист, protenge.kz авторы;

- Светалана Спатарь, экобелсенді және қазақстандық «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының жобалар менеджері;

- Гульжан Амангельдинова, психолог;

- Тимур Рыспеков, абсолютті криптографияның авторы және Absolute Technologies Lab компаниясының негізін қалаушы;

- Айнур Аймурзина, «ДАРА» Жеке қорының жобалар және бағдарламалар директоры;

- Лейла Махмудова, гендерлік мәселелер және білім беру жөніндегі кеңесші;

- Зинаида Пак, TAKITA маркетинг агенттігінің негізін қалаушылардың бірі;

- Шакир Исламбакиев, әлеуметтік кәсіпкер.

Бейресми түрде ашылу кезінде ұйымдастырушылар кеңсеге музыкалық ұжымды шақыру арқылы тосын сый жасады, олардың өнері шақырылған онлайн-қонақтарға  көрсетілді.

Хакатонның алғашқы күні ZhasCamp Accelerator-2019-дың 5 қатысушысы сөз сөйледі:

- Молдир Айжарык, YF (Your friend) балалар смарт-білезігінің авторы;

- Анастасия Юхименко, «ЛГБТ өкілдеріне арналған психологиялық көмек қызметі» жобасының авторы;

- Бексултан Уразбеков, қайта өңделген «Pieper» пластигінен жасалған алғашқы Қазақстандық эко-брендтің авторы;

- Аида Амантаева, тактильді «Feel Letters» әліппесінің авторы;

- Айсулу Максотова, қазақ тіліндегі Khan Academy білім беру платформасының авторы.

Олар жаңа әлеуметтік бастамалардың авторларына өздерінің жобалары, жеткен жетістіктері мен сәтсіздіктері жайында айтып берді. Бұл балаларды рухтандырып, белсенді түрде жұмыс істеуге қуаттандырды.

Бұдан басқа, хакатонның 4 күні ішінде тағы 11 спикер қатысушылар алдында өзекті тақырыптарды көтеріп, сөз сөйледі.

Ресейлік саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Екатерина Шульман пандемиядан кейін жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуы қалай өзгеретіндігі және болашағы қалай болатындығы туралы ойымен бөлісті. Ол аңғарған бір дүние - пандемия кезінде адамдар өзара көмек көрсету дағдыларын меңгерді. Адамдардың қайырымдылықпен айналысуы азаймаған, ал еріктілер саны тіптен көбейе түскен. Сонымен қатар, осы уақытта белең алған негізгі үрдіс – ізгілендіру және адам өмірі құнының артуы.

Стратегиялық коммуникациялар жөніндегі маман, сәулет және қала ортасын зерттеуші Анель Молдахметова «Жобаның өзекті екенін және оның қандай мәселені шешетінін қалай түсінуге болады?» мастер-класын өткізді. Оның сөзіне қарағанда, кез-келген құрал сіздің жобаңыз үшін неліктен жан салып жатқаныңызды түсінген кезде ғана тиімді болады. Бұл үшін сіздің әлеуметтік бастамаңыз қандай өзгерістер үшін жасалып жатқандығын айқындап алу керек.

Түрлі елдердің азаматтық бастамалар өкілдері өздерінің шабыттандыратын кейстерімен бөлісті:

- Protest Körpe авторлары Куат Абешев пен Айша Джандосова (Қазақстан) «махаббатпен белсенділік» дегеніміз не екенін айтып, жұртшылықтың назарын белсенді Аси Тулесовның ісіне қалай аударғандарымен бөлісті.

- «Көчмөн» қоғамдық қорының негізін қалаушы және оның басшысы Улан Үсөйүн (Қырғызстан) өңірлердегі жастармен: көшбасшылық, құқық үстемдігі, гендерлік теңдік, жастар кәсіпкерлігі мен ағартушылық туризм бағыттары тұрғысында қалай жұмыс жасап жатқандарын айтып берді.

- «Со-единение» Қорының PR және фандрайзинг жөніндегі директоры Наталья Соколова (Ресей) олардың көзі көрмейтін және құлағы естімейтін адамдардың проблемаларына қалай назар аудартатындығымен бөлісті. 2019 жылы олардың қоры «Жизнь наощупь» онлайн-ойынын жасап шығарды, ол көру және есту қабілетінен қатар айырылған адамның орнында болып көруге мүмкіндік береді. Көзі көрмеушілік пен құлағы естімеушілікті проблема ретінде түсіну қор сайтындағы қайырымдылықтың артуына ықпал етті.

- «Ночлежка» еріктілерінің үйлестірушісі Василиса Молева (Ресей) қоғамның үйсіздерге деген қарым-қатынасын қалай өзгертетіндерін және азаматтардың осы санатына қалай жүйелі түрде кешенді көмек көрсететіндерін айтып берді.

- Азаматтық экобелсенді Ришат Абсалямов (Башқұртстан, Ресей) жергілікті тұрғындардың Куштау тауын қорғап, ол орналасқан аймақта әктас кен орындарын игеруге мүмкіндік бермегенін еске алды. «Біз өз пікірімізді қорғап шыққаннан кейін, адамдар өз құқықтарына сене бастады», – деп Ришат өзінің көргенімен бөлісті.

Ресейлік журналист, «Әлеуметтік технологиялар жылыжайы» білім беру жобасының бас редакторы Наталья Баранова белсенділерге медиамен қалай жұмыс істеу керектігі туралы воркшоп өткізді. Соның барысында хакатон қатысушылары шынайы уақыт режимінде өз жобалары жайындағы келешектегі жарияланымдарына дайындық жұмыстарының едәуір бөлігін жасап шықты.

Ал «7x7» интернет-журналының директоры Павел Андреев командамен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Ол берген негізгі кеңестерінің бірі - ең алдымен, жеке өзіндік мотивация мен жоспарларды айқындап алу қажет болғандықтан өзің жайында ойлауды ұмытпау. «Тек өзіңізді түсініп алғаннан кейін ғана сіз өз көзқарастарыңызды басқаларға жеткізе аласыз. Команда әрқашан жобаның көшбасшысы мен бастамашысына бағытталған. Егер сіз өзіңізге сенімді және ынталы болсаңыз, онда барлық сұрақтарға беретін жауаптарды білмей тұрсаңыз да, сіз оларды командамен бірге таба аласыз», - деп атап өтті Павел.

Менторлармен және сарапшылармен белсенді жұмыс істеу кезінде хакатон қатысушылары өз жобаларын іске асыру және дамыту жоспарын жасады, сондай-ақ барынша аз жұмыс өнімін жасауға жақындай түсті.

Дәрістердің, воркшоптардың және менторлармен кездесулердің мазмұнды бағдарламасы әуенмен, йогамен, ойындармен, сыйлықтармен және басқа да интерактивтермен толықтырылды.

Қатысушылардың бірі Динара Наумова: «Өз жобамызға басқа қырынан қарап, бір-біріміздің бастамаларымыз жайында көбірек білгеніміздің пайдасы зор болды. Маған хакатонның ұйымдастырылуы қатты ұнады. Онлайн-форматқа қарамастан, бағдарлама егжей-тегжейлі ойластырылған, сауатты менторлар мен спикерлер таңдап алынған. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым зор, балалардың уайымдап, әр қатысушыға көмектесіп отырғандары көрініп тұрды. Бәрінен бұрын, төрт күн бойы ментормен жұмыс жасағаным есімде: Гульзира Амантурлинаның арқасында мен өз жобамның ауқымын кеңейте білдім. Сондай-ақ, соңғы питч күні мен командадағы ойындар ұнады. Бұл алаңдар жастар үшін қажет деп санаймын, өйткені бұл пайдалы танысуларды іздеп, өз дағдыларыңды жетілдіре түсуге берілген үлкен мүмкіндік», – деп атап өтті

Тағы бір қатысушы Аяна Батырбаева өтінім берген кезінде тек пісіп-жетілмеген идеясы ғана болғанын айтты. «Менде оны қалай жүзеге асыруға болатындығы туралы түсінік болмады, бірақ менторлық сессиялар маған шешім қабылдауға көмектесті. Сондай-ақ мен басқа қатысушылардың және шақырылған спикерлердің тәжірибесін тыңдай отырып, өзім үшін көптеген пайдалы дүниелерді игере алатынымды түсіндім. Сонымен қатар маған достық атмосфера мен қатысушылар арасында қатаң бәсекелестіктің жоқтығы ұнады. Бұған ұйымдастырушылар қарастырған әртүрлі интерактивті және ойын форматтары ықпал етті деп ойлаймын. Айта кететіні, ашылу кезінде музыканттарды қатыстыру идеясы өте керемет! Сондықтан, егер арамызда кімде-кім акселераторға өтпесе, біз ендігі ең құнды нәрсеге қол жеткізіп қойдық. Біз тіпті оқшаулану кезінде уақытты керемет өткізгенімізді және бірнеше күннің ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті басқа елдерден көптеген адамдармен танысып үлгергенімізді мақтан тұта аламыз», - деп Аяна өзі алған әсерімен бөлісті.

Қатысушы Танирхан Калилаханов жобаларды жасау және іске асыру жайында алынған терең білімнің құндылығын атап өтті. «Осының барлығы қонақ дәрістері мен менторлық сүйемелдеудің арқасында болды. Анель Молдахметованың оның жобалары және қоғам қажеттіліктерін анықтау тәсілдері жайында айтқандарын тыңдау өте қызықты болды. Өткен маусымға қатысушы Аида Амантаеваның жобасы, әсіресе балалардың тактильді әліппені қандай жылдамдықпен меңгеріп жатқаны маған қатты әсер етті. Бұл керемет, нәтижесі де әсерлі! Сондай-ақ маған Екатерина Шульманның қоғамдағы өзекті тенденциялар туралы дәрісі ұнады. Наталья Соколованың кейсі қатты әсер қалдырды. Олардың қоры қоғамның назарын көзі көрмейтін және құлағы естімейтін адамдардың қажеттіліктеріне аударатын онлайн ойынды жасап шығарып, оны ілгерілету жолында үлкен жұмыс атқарды. Спикерлер, шын мәнінде, өте көп болды, сондықтан бәрін тізіп шығу қиын, бірақ барлығы да әсер қалдырды», – дейді Танирхан. Қатысушы менторлық жұмысты да атап өтті: «Маған біздің менторымыз Гульжан Амангельдинованың біліктілігі, зейінділігі және кәсібилігі ұнады. Бірлесе отырып жасалған жұмысымыз барысында жобаны барынша пысықтауға қол жеткіздік».

Кейбір қатысушылар ойға алған дүниесін іске асырудағы келесі қадамын 12 қазанда басталатын ZhasCamp Accelerator аясында жасай алады.

Бұл кезең жобаларды іске қосуды, ілгерілетуді, масштабтауды, сондай-ақ қаржыландыру көзі мен серіктестерді іздеуді қамтиды. Ал ең жақсы прогресті көрсете білген қатысушылар жобаны дамытумен байланысты кейбір шығындардың жабылуы түріндегі қаржылық қолдауға сене алады.

ZhasCamp осы маусымында біздің қатысушыларымызбен жұмыс істеген серіктестерімізге, амбассадорларға, сондай-ақ менторлар мен спикерлерге алғысымызды білдіреміз!

АНЫҚТАМА

Жобаны Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі Сорос-Қазақстан Қорының және Фридрих Эберт атындағы Қордың қолдауымен жүзеге асырады.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ АРАСЫНДА:

ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫ:

Республикалық «Birgemiz» еріктілер фронт-кеңсесі

Adal Volunteer Club @adalvolunteerclub

Y-PEER Kazakhstan @upeerkazakhstan

Жамбыл Жастары @zhambylzhastary

Aiesec @aiesecinalmaty

Жас көшбасшылар одағы

Қазақстан жастары одағы

«ШҚОСӨСҚО» ММ жанындағы «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы @vkocfzog

ШЫҒАРМАШЫЛ КЕҢІСТІКТЕР:

Жамбыл атындағы кітапхана @zhambyl_kitapkhana

American Corner @asalmaty

Impact Hub Almaty @ihubalmaty

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЛАР:

«Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ @legal_media_center

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы

Құқық қорғаушылардың жаңа буынының коалициясы @nghrdc

Civi Public Fund

УНИВЕРСИТЕТТЕР:

Astana IT University @astana_it_university

Narxoz University @narxoz_life

ALMA University @almau_edu

KIMEP University @kimep_university

KBTU Startup Incubator @kbtustartup

STARTUP- ЖӘНЕ КРАУДФАНДИНГ АЛАҢДАРЫ:

Starttime @starttime.kz

MOST @most.com.kz

Startup-course @startup_course_com

МЕДИА:

«18 + Идея» @18plusidea.kz

YouTube show «1+1» @naumova__dinara

Campus Media @campusmedia.kz

Balmuzdaq.plus @balmuzdaq.plus

Neupusti.net @neupusti_net

«Бизнес&Власть» @and.kz

Ұйымдастырушылармен байланысуға арналған байланыс деректері:

+ 7 707 401 43 79,

zhascamp@gmail.com

Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан

Партнеры

Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название