Жастар [бей] конференциясы

ZhasCamp’2016: Талдықорған, Атырау, Семей, Павлодар!

04.07.2016

ZhasCamp’2016: ТалдықорғанАтырау, Семей, Павлодар!

27-28 тамызда Талдықорғанда, 10-11 қыркүйекте Семейде, 15-16 қазанда Атырауда және 22-23 қазанда Павлодарда

жастарға арналған ZhasCamp [бейресми]конференциясы өтеді.

 

БАҒДАРЛАМАДА: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ БИЗНЕС

·         Жастар қандай мәселелерді қозғайды және оларды қалай шешеді?

·         Еліміздің әрбір қаласында жастар ұйымдары қандай жобаларды жүзеге асырады?

·         Жастарға және олардың бастамаларының дамуына мемлекет қандай үлес қосады?

·         Қоғамға және жас ұрпаққа бизнес қалай көмектеседі?   

·         Шығармашылық, медиа және жаңа технологиялар қалайша қоғамды өзгертеді?

·         Осының бәрі басқа елдерде қалай жұмыс істейді?

ФОРМАТ

[Бейресми] конференция 2 күнге созылады, сенбі  күні сағат 10-нан 17-ге дейін және жексенбі күні сағат 10-нан 13-ге дейін. Бірінші күннің бағдарламасы спикерлердің сөз сөйлеу және тұсаукесерлерінен, панельді дискуссияларынан, нетворкинг және сайыстардан тұрады.

Екінші күні қатысушыларға қоғамдық бастамалар және әлеуметтік жауапты бизнес саласынан сарапшылар дәріс береді. Тренингтерге қатысу үшін тіркеуден өту қажет. Тіркеу жобаның сайтында жарияланады. Орындар шектелген (30-35 адам).

Жұмыс форматы: тұсаукесерлер, тренингтер, панельді дискуссия, жәрменке, guest-студия, ашық бағдарлама (қатысушылардың тұсаукесерлері), нетворкинг және сайыстар.

 

Қатысуға қалай болады?

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ WWW.ZHASCAMP.KZ САЙТЫНДА ТІРКЕЛУ ҚАЖЕТ!

Біздің есіктеріміз барлық үшін ашық, [бейресми] конференцияға қатысу – тегін!  

Егер сіз ZhasCamp конференциясына өз қаражатыңызға барғыңыз келсе, қалауыңыз бойынша кез келген қалада қатысуға болады және де қаласаңыз, барлық төрт қалаларда ZhasCamp-ке қатысуға болады.

Жоба ішінде Қазақстан аумағындағы 30 қатысушыға жол жүру грантының бағдарламасы әр қалада бар. Пойызда жол жүру ақысы 50% (бір жаққа), ал тұратын орны толық төленеді. Грант иегерлерін сайыс негізінде ұйымдастырушылар анықтайды.

Жол жүру грантына төрт қаланың ішінен кез келген қалаға сұранымды жіберуге болады. Сұранымды бірнеше қалаларға немесе барлық қалаларға жіберуге рұқсат. Бірақ, есіңізде болсын, бұл сайыс және сұранымда бір басты қаланы белгілеңіз.

Конференцияның бағдарламасы әр қалада әр түрлі болады: тақырыптары жақын, спикерлер басқа болады, кейбір компоненттерінің айырмашылығы болады.

Жол жүру грантының бағдарламасы тек қана Қазақстан азаматтарына және елдің аумағында жұмыс істейді.

Сұранымды келесі қалаларға жіберуге болады:

Талдықорған: 2016 жылы тамыздың 20-на дейін;

Семей: 2016 жылы қыркүйектің 5-не дейін;

Атырау: 2016 жылы қазанның 5-не дейін;

Павлодар: 2016 жылы қазанның 15-не дейін;

Конкурстың негізінде, ұйымдастырушылар әр қалаға 30 адам таңдап алады. Жеңімпаздар (дұрыс байланыс деректерін көрсетіңіз) электрондық пошта және ұялы телефондарға құттықтау алады.

Егер сізге жол ақысы мен түнейтін орын керек болса, zhascamp.kz сайттында Тіркеу бөлімінде Жол жүру гранты формасын толтырыңыз және жол жүру гранты туралы ақпаратпен толық танысыңыз.

Егер сіз өзіңіздің қалаңызда қатысқыңыз келсе, Қатысушы формасын толтырыңыз.

Егер сіз осы оқиғаның волонтеры болғыңыз келсе, Волонтер формасын толтырыңыз.

Іс-шара ұйымдастырушы: Қазақстанның жастар ақпарат қызметі

Ұйымдастыруға қатысқан: ҚҰ «Союз молодежи Казахстана YouthChallenge» (Павлодар қ.).

Бас серіктестер: Сорос-Қазақстан қорыҚазақстандағы Фридрих Эберт атты қоры, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша, келесі мекенжай бойынша хабарласыңыздар: zhascamp@gmail.com.

 

Жаңалықтар толқынында болыңыз: VkontakteFacebook@ZhasCamp_KZ@ZhasCamp_KZ


Благодарим за поддержку

Ұйымдастырушы

Название

Генеральные партнеры

Фонд Cорос-Казахстан

Партнеры

Название
Название

Основные партнеры: Места проведения

Название

Медиа-партнеры

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название

Молодежные организации

Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название
Название