Құрметті достар, ZhasCamp-қа тіркеу басталды.
Егер Сіздер сөзбен емес, іспен айналысатындардың бірі болсаңыздар, осы тренинг Сіздерге арналған! Жаскемптің екінші күні, жексенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін үш қалада «Әлеуметтік жоспарлау» атты тренинг өтеді. Тренингті отандық және шетелдік әлеуметтік сараптама бойынша үздік тәжірибелі сарапшылар өткізеді.
Шымкентте: 11 қазан, жексенбі, 09:00 – 13:00
Астанада: 18 қазан, жексенбі, 09:00 – 13:00
Ақтауда: 25 қазан, жексенбі, 09:00 – 13:00
Әлеуметтік жоба дегеніміз– шешімін талап ететін, мәселелерге негізделген шынайы әрекеттердің бағдарламасы. Ең жақын әлеуметтік қоршаған ортаға ұсынылатын өзгерістер моделі.
Тренинг бағдарламасына кіретіні: әлеуметтік мәселені таңдау, мақсат пен міндеттерді қою, шешу әдістері, серіктестер және коммуникация, бюджет және күнтізбелік жоспарлау, тиімділік және күтілетін нәтиже.
Қатысу шарттары:
1. Тіркелу: http://zhascamp.kz/
2. Реттеу: ұйымдастырушылар өз қалаларында әлеуметтік жобаны ұйымдастыра алатын тіркелеген 30 адамды таңдап алады. Таңдалған қатысушыларға ұйымдастырушылар өздері қоңырау шалады. Тек ұйымдастырушылар таңдаған жағдайда ғана Сздің қатысуға мүмкіндігіңіз бар.
3. Басқа ақпарат: тренингте қатысу тегін, конференциядан кейін қатысушылар сертификатпен марапатталады.
Тіркеу мерзімі:
Шымкент қаласында: 2015 ж. 5 қазанға дейін
Астана қаласында: 2015 ж. 15 қазанға дейін
Ақтау қаласында: 2015 ж. 20 қазанға дейін